2026-2028 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 102 720 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 39 350 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 600 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 62 770 мың теңге;

         2) шығындар – 102 720 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары –0.

  1. 2026 жылға аудандық бюджеттен ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 62 770 мың теңге мөлшерінде белгіленгені ескерілсін.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
06 ноября 2025