2026-2028 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 68 749 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 4 633 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 64 116 мың теңге;

         2) шығындар – 68 749 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0;

         қарыздар түсімі - 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджеттің қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары-0.

  1. 2026 жылға аудандық бюджеттен Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенция көлемі 64 116 мың теңге мөлшерінде белгіленгені ескерілсін.

3. Осы шешім 2026  жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Дата публикации
05 ноября 2025