Қызылорда облысының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) қызметінің тиімділігін «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша «Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылы» блогы шеңберінде операциялық бағалау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бірлескен бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес жүргізілді.
«Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша есептік деректер Әкімдікпен мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау жүргізу кестесіне сәйкес уәкілетті органға ұсынылды.