2025 жылдың 19 қазанда өткен
Төретам кентінің әкімін сайлау қорытындысы туралы
ХАБАР
2025 жылдың 19 қазанда Қармақшы ауданы, Төретам кенті әкімінің сайлауы өткізілді.
Төретам кенті әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №113, №114, №115 учаскелік сайлау комиссияларының және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Төретам кентінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.
Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 6354 адам енгізілген.
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 3229 адам.
Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 34 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 21.
Кент әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.
Дауыс беру қорытындысымен:
Кандидат Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович үшін 934 дауыс, кандидат Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы үшін 1705 дауыс, кандидат Токшылыков Нуржан Алматович үшін 506 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 63 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы Қармақшы ауданы, Төретам кентінің әкімі болып сайланды.
Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы 1986 жылы туған, ұлты қазақ, «Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Жосалы кентінде тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы