Бюджеттің атқарылуы бойынша орындалған жұмыстар (2025 жылғы ІIІ тоқсанның қорытындысы бойынша)

Аудан бойынша аудандық бюджеттің және кенттер, ауылдық округ бюджеттерінің 2025 жылдың 30 қыркүйегіне  атқарылуы.

 

                                                                          

Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2025 жылдың  1 қазанына түсімдер болжамы  12 857 733,8 мың теңге орнына 13 338 056,9 мың теңгеге атқарылып, 103,7 % құрады.

 Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары   2 181 243,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 2 668 566,7  мың теңгені, яғни  122,3 % құрады, 487 323,7 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті.

Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 2 115 396,3 мың теңге 2 534 457,9 мың теңгеге, немесе 119,8 % орындалып, 419 061,6 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 40 340,0 мың теңге 106 634,8 мың теңгеге, немесе 264,3% орындалып, 66 294,8 мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 25 506,7 мың теңге 27 474,0 мың теңгеге, яғни 107,7 % орындалды,  1 967,3  мың теңгеге жоспар орындалмады.

Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер  жоспары  10 676 490,8 мың теңге болса толығымен түсті. 

  Аудан бойынша 2025 жылдың  1 қазанына  аудан  бюджетінің шығындар жоспары  13 409 526,4 мың теңге  болса  13 409 053,9  мың теңгеге атқарылып, 100,0%  құрап  472,5  мың теңге игерілмеді.

        Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің  жоспары  100,0%  игеріліп, 24,7 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.

        Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 100 %  игеріліп,  8,5 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .

       Жергілікті бюджет қаржысы 439,3 мың теңге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржы. 

       2025 жылдың 1 қазанына   аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:

–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;

  • Аудан әкімі аппараты – 100,0%;
  • Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі –100,0 %;
  • Экономика және қаржы бөлімі – 100,0 %;
  • Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 100,0 %;
  • Ауыл шаруашылығы бөлімі және жер қатынастары бөлімі – 100,0 %;

- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі –100,0 %;

  • Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

АХАТ бөлімі –100,0 %;

  • Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі- 100,0%;
  • Дене тәрбиесі және туризм бөлімі –100,0%;
  • Қоғамдық даму бөлімі – 100,0 %;
  • Жосалы кенті әкімінің аппараты –100,0%;
  • Төретам кенті әкімінің аппараты – 100,0%;
  • Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  • ІІІ-Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Ақтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0%;
  • Дауылкөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
  • Иіркөл ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  • Жосалы ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
  • Қуаңдария ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0 %;
  • Көмекбаев ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,%;
  • Қармақшы ауылдық округі әкімінің аппараты –100,0 %;
  • Алдашбай Ахун ауылдық округі әкімінің аппараты – 100,0%;
Дата публикации
10 октября 2025