Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 7) тармақшасына, 33-бабының 2-2-тармағына, 37-бабының 1-, 2-, 3-тармақтарына, 38-бабының 2-тармағына, 39-бабының 1-1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қазандағы №93/793 қаулысын басшылыққа алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 30 қыркүйектегі №173 хаттамасының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2025 жылғы 19 қазанға тағайындалған Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімінің сайлауы бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдер) саны сайлау округіндегі тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервін қоса, 6418 (алты мың төрт жүз он сегіз) дананы құрайтын болып белгіленсін және сайлау бюллетенінің мәтіні осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қазандағы №93/793 қаулысына 1-қосымшасына сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
- Қажетті көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше сайлау бюллетеніне белгі соғуына арналған трафарет (бұдан әрі - трафарет) саны 3 (үш) болып белгіленсін.
- Дауыс беруге шақыру қағаздарының саны 6354 (алты мың үш жүз елу төрт) болып белгіленсін және дауыс беруге шақыру қағазының мәтіні осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Сайлау бюллетеньдерін және көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше белгі соғуына арналған оған трафареттерді, дауыс беруге шақыру қағаздарын белгіленген мөлшерде басып шығару тиісті келісім шарт арқылы жеке кәсіпкер «Қызылорда-Қанағаты» тапсырылсын.