2025 жылдың 19 қазанға тағайындалған Төретам кенті әкімінің сайлауына кандидаттарды тіркеу туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 – бабының 9-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хабарлайды.

Төретам кенті әкіміне барлығы 4 кандидат ұсынылды. Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 3 кандидат тіркелді. Кандидаттардың барлығы өзін-өзі ұсынғандар.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптары бойынша 3 кандидаттардың сәйкестігі анықталды.

Арнайы тексеруге және мемлекеттік кірістер органдарына тіркелген кандидаттардың құжаттары жолданды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәліктерін алды. Ұсыну және тіркеу кезеңінде сайлау комиссиясына өтініштер түскен жоқ.

                                             

КАНДИДАТ БОЛЫП ТІРКЕЛДІ:

 

  1. Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович – 1991 жылы туған. Ұлты қазақ. Төретам кенті әкімінің орынбасары. Жосалы кентінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.

 

  1. Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы – 1986 жылы туған. Ұлты қазақ. Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы. Жосалы кентінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.

        

  1. Токшылыков Нуржан Алматович – 1987 жылы туған. Ұлты қазақ. Қармақшы ауданы әкімдігінің персоналды басқару бөлімінің басшысы. Жосалы кентінде тұрады. «AMANAT» партиясының мүшесі. Өзін-өзі ұсынған.
Дата публикации
28 сентября 2025