Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті әкіміне кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес еместігін) анықтау туралы

Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Төретам кенті әкімін сайлау
2025 жылғы « 19 » қазан

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-2-бабының негізінде әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған мәліметтері негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:                                                                                                                                                                                                                                                                              

  1. Әкім болуға Жолмаханов Нурсултан Сабытбекович, Сайымов Нұрлыбек Ізбасарұлы, Токшылыков Нуржан Алматович кандидаттар ретінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының көзделген талаптарына сәйкес келеді.
  2. Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                              Р. Ефенов

        

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                              Г. Жубаидаев

 

 

Жосалы кенті

23 қыркүйек 2025 жыл

№22

Дата публикации
23 сентября 2025