Қармақшы ауданы Төретам кенті әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2025 жылдың 23 қыркүйек күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданының Төретам кенті әкіміне барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен 4 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылдың 28 қыркүйек күні сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 сентября 2025