Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №234 «2025-2027 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №234 «2025-2027 жылдарға арналған Төретам кентінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 237 642,6 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 132 917,2 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 408,6 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 000 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 102 316,8 мың теңге;

         2) шығындар – 238 784 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
10 сентября 2025