«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясымен Қармақшы ауданының Төретам кентінің шекарасы шегінде Төретам кентінің әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №АСК-25/227 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Төретам кентінің әкімін сайлау 2025 жылдың 19 қазанына тағайындалды.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №АСК-25/227 қаулысымен бекітілген Төретам кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кент әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 11 қыркүйектен басталады және 2025 жылдың 23 қыркүйекте сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2025 жылдың 11 қыркүйекте басталады және 2025 жылдың 28 қыркүйекте сағат 18-00-де аяқталады.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2 қабат, байланыс телефондары: 8(72437)2-12-37, 8(72437)2-12-36, электронды поштасы tic_kzl_kar@saylau.kz
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
Ефенов Рустам Сактаганович – комиссия төрағасы, Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы – төраға орынбасары, Жубаидаев Галымжан Амантаевич – комиссия хатшысы, комиссия мүшелері: Омаров Жарқын Тұрмаханұлы, Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы, Әбенова Тәжігүл Жақсылыққызы, Кенжегулов Габит Баймуратович.
№113 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Төретам кентi, Ы.Жахаев көшесi №25А, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Телефоны: 8(72437) 2-49-00.
№113 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Қалмаханов Берден Игенбаевич – төраға, Файзуллаева Құралай Журекбаевна – төраға орынбасары, Жалмағанбетова Света Қолдасовна – хатшы, комиссия мүшелері: Бердимуратова Айжан Алиевна, Тлеуова Гулжан Куанткановна, Алимбаев Сакен Мирамбекович, Асылбекова Асемкуль Кабылбековна, Әбдімәліков Смағұл Қалмырзаұлы, Байқадам Нұрсұлтан Байқадамұлы.
№114 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Төретам кентi, Ғ.Мұратбаев көшесі №1, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№85 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Телефоны: 8(72437) 2-44-78.
№114 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Тәжібаев Жасулан Жұматайұлы – төраға, Бержанова Загираш Муратовна – төраға орынбасары, Айжарықов Мурат Советович – хатшы, комиссия мүшелері: Бахитова Гулденген Махсуткалиевна, Абдикадиров Бактияр Райымович, Кенжегулов Олжас Ганибекович, Маханов Айдос Нурханович, Самартаева Кәмшат Серіккызы, Татаев Асылбек Жанузакович.
№115 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Төретам кенті, Жанқожа Батыр көшесі №43А, «Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің «№4 «Күн нұры» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Телефоны: 8(72437) 2-49-89.
№115 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Есіркепова Әсемкүл Кәжденбекқызы – төраға, Орынбаева Гулмира Орынбаевна – төраға орынбасары, Жолдыбаева Айгуль Насрадиновна – хатшы, комиссия мүшелері: Нурадинов Асет Адыльбаевич, Айтжанова Салтанат Айтуаровна, Омаров Қайрат Жұматайұлы, Кішкентаева Ақмарал Бақбергенқызы, Алжанов Ермек Муратбаевич.
Аудандық, учаскелік сайлау комиссияларың жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы