Қармақшы ауданының Төретам кенті әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы      1–тармағының 1) тармақшасының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданы Төретам кенті әкімінің сайлауы 2025 жылғы 19 қазанға тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданы Төретам кенті әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын және аудандық «Бәйтерек» газетіне жариялансын.
Дата публикации
10 сентября 2025