Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 16 997 521,9 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 213 265 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 43 160 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 500 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 14 737 596,9 мың теңге;
2) шығындар – 19 880 198,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 117 906 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 320 458 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 202 552 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -3 000 582,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 000 582,3 мың теңге;
қарыздар түсімі – 2 671 461 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 202 552 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 531 673,3 мың теңге»;
келесі мазмұндағы 7-2 тармақпен толықтырылсын:
«7-2. Облыстық бюджеттің ішкі қарыздар есебінен аудан бюджетіне тұрғын үй сатып алуға 750 145 мың теңге несиелер берілгені ескерілсін».
Көрсетілген шешімнің 1, 4, 5-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.