Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 120 235,6 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 706,9 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 344,1 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 113 184,6 мың теңге;
2) шығындар – 120 617,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -381,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 381,5 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 381,5 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3 тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. 2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,1 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
3-2. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 300,8 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
3-3. 2025 жылға арналған Дауылкөл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.