Студенттерді әлеуметтік қолдау
2025 жылға бөлінген облыс әкімінің оқу гранты Қармақшы ауданы бойынша төмендегідей белгіленді:
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті бойынша 8 грант:
Азық- түлік өнімдерін өндіру технологиясы – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия);
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия);
Электр энергиясы - 1 орын (таңдау пәні – математика, физика);
Агрономия – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия);
Дәстүрлі музыка өнері – 1 орын (таңдау пәні – шығармашылық емтихан);
Су ресурстарын басқару - 1 орын (таңдау пәні – математика,физика);
Жерге орналастыру – 1 орын (таңдау пәні – математика, физика);
Құрылыс (құрылысшы, инженер құрылысшы, жобалаушы инженер) 1 орын (таңдау пәні – математика,физика);
С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университеті 1 грант:
Жалпы медицина – 1 орын (таңдау пәні – биология, химия)
Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті бойынша 1 грант:
Дінтану және теология - 1 орын (таңдау пәні - шығармашылық емтихан)
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің үш еселенген шамасынан төмен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін, атап айтқанда:
жетім балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
балалар үйлері мен балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға;
ата-анасының екеуі де жасына байланысты зейнеткер болып табылатын немесе біреуі мүгедектігі бар адам болып табылатын балаларға;
құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары,
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (46228 теңге) аспайтын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қатыса алады.
Облыс әкімінің грантына өтініштер, 2025 жылдың тамыз айының 5-нан бастап, 15 тамызына дейін Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімінде қабылданады.
Туындаған сұрақтармен 2-16-53 телефонына байланысуға болады.
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.