Аудан бойынша (кенттер, ауылдық округтер бюджеттерімен қоса) 2025 жылдың 1 шілдесіне түсімдер болжамы 5 855 482,7 мың теңге орнына 6 396 099,1 мың теңгеге атқарылып, 109,2 % құрады.
Есепті кезеңге аудандық бюджетінің өз кірістерінің жоспары 1 668 637,0 мың теңге болса, нақты атқарылуы 1 804 793,8 мың теңгені, яғни 108,2 % құрады, 136 156,8 мың теңге жергілікті бюджетке жоспардан артық түсті.
Облыс әкімінің 18.06.2025 жылғы хаттамасына сәйкес 2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысымен жергілікті бюджет кірістерінің белгіленген жылдық межесінің орындалу көрсеткішін 55 пайыздан жоғары орындалуы жөнінде тапсырма берілсе (жылдық белгіленге кіріс межесі 3 218 874,0 мың теңге болса, 1 жаржылдықта кіріс бөлігіне 1 804 793,8 мың теңгеге түсіп, 56,1 пайызға орындалды)
Есепті кезеңге аудан бюджеті кірісінің салықтық түсімдері жоспары 1 614 269,0 мың теңге 1 727 408,7 мың теңгеге, немесе 107,0 % орындалып, 113 139,7 мың теңге артық түскен, салықтық емес түсімдері жоспары 36 652,0 мың теңге 62 938,3 мың теңгеге, немесе 171,7% орындалып, 26 286,3 мың теңге жоспардан артық түскен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспары 17 716,0 мың теңге 14 446,8 мың теңгеге, яғни 81,5 % орындалды, 3 269,2 мың теңгеге жоспар орындалмады.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер жоспары 3 961 238,1 мың теңге болса толығымен түсті.
Аудан бойынша 2025 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджетінің шығындар жоспары 5 419 713,1 мың теңге болса 5 419 433,8 мың теңгеге атқарылып, 100,0% құрап 279,3 мың теңге игерілмеді.
Республикалық бюджеттен бөлінген трансферттердің жоспары 100,0 % игеріліп, 8,1 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді.
Облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер 100 % игеріліп, 16,8 мың теңге қаржының үнемделуінен игерілмеді .
Жергілікті бюджет қаржысы 254,4 мың теңге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржы.
2025 жылдың 1 шілдесіне аудан бюджеті шығындары жоспарының бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша атқарылуы төмендегідей қалыптасты:
–Аудандық мәслихат аппараты – 100,0 %;
- Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі –100,0 %;
АХАТ бөлімі –100,0 %;