Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №246 «2025-2027 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №246 «2025-2027 жылдарға арналған Қармақшы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 106 114 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 4 575 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 25 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 542 мың теңге;

         трансферттер түсімдері – 100 972 мың теңге;

         2) шығындар – 106 231,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -117,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 117,3 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 117,3 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

«2-1. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,1 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
10 июня 2025