2025 жылдың 1 маусымында өткен Ақай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

 2025 жылдың 1 маусымында өткен Ақай ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2025 жылдың 1 маусымында Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Ақай ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №116, №350 учаскелік сайлау комиссияларының және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы хаттамалары негізінде Ақай ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

 Құрылған сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне барлығы 3714 адам енгізілген.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны 2415 адам.

Есептен шығару куәліктері бойынша дауыс бергендер жоқ, дауыс беру жайынан тыс жерде дауыс бергендер – 3 адам. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 14.

Ауылдық округі әкімі болуға кандидат ретінде 3 адам тіркеліп, бюллетенге енгізілді.

Дауыс беру қорытындысымен: 

Кандидат Бектурганов Нурсултан Жумадилдаевич үшін 518 дауыс, кандидат Сәден Берік Әбдірахманұлы үшін 196 дауыс, кандидат Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы үшін 1682 дауыс берілді. «Барлығына қарсы» белгісімен 19 дауыс берілді.  

Дауыс беру қорытындысымен Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы 1992 жылы туған, ұлты қазақ, «Ақай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Ақай ауылында тұрады, «AMANAT» партиясының мүшесі, Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45, 113-11-бабына сәйкес, 2025 жылдың 2 маусымдағы №11 шешімімен 2025 жылдың 1 маусымында сайланған Ақай ауылдық округінің әкіміне Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы тіркелді

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
01 июня 2025