Сағат 20.00-ге сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы
Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округіндегі №116, №350 учаскелік сайлау комиссияларының ұсынған дерегіне сәйкес 2025 жылғы 1 маусым сағат 20.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 65,40% сайлау бюллетеньдерін алды.
Учаскелерде дауыс беру ҚР сайлау туралы заңының талаптарына сәйкес өтті, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.