«Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулысымен бекітілген Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларында 1- тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы                            1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына сәйкес әзірленді және Қармақшы ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің тәртібін айқындайды.».

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
14 мая 2025