Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақтөбе ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 132 494,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 12 593 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 166 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5,7 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 119 730 мың теңге;
2) шығындар – 133 265,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -770,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 770,6 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу – 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 770,6 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,1 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.