Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №245 «2025-2027 жылдарға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №245 «2025-2027 жылдарға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 81 003,6 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 6 070 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 0;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

         трансферттер түсімдері – 74 933,6 мың теңге;

         2) шығындар – 81 589,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер – 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу – 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -586,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 586,3 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу – 0;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 586,3 мың теңге»;

жаңа мазмұндағы 3-1, 3-2 тармақтармен толықтырылсын:

«3-1. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,7 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.

3-2. 2025 жылға арналған Т.Көмекбаев ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджет есебінен қаралған нысаналы трансферттер 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
12 мая 2025