2025 жылдың 1 маусымына тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округінің әкімін сайлауда әкім болуға кандидатты тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабы 8-1) тармақшасына, 113-5-бабына және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 мамырындағы №158 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы Ақай ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелсін. 
  2. Тұрғанов Батыржан Қожабайұлына кандидат куәлігі берілсін.
  3. Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы Ақай ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелгені туралы хабар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

Д. Ержанов

 

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

 

Г. Жубаидаев

 

 

Жосалы кенті

10 мамыр 2025 жыл

№АСК-25/218

Дата публикации
10 мая 2025