Ақай ауылдық округі әкіміне кандидат Тұрғанов Батыржан Қожабайұлының сенім білдірілген адамдарын тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес және Ақай ауылдық округі әкіміне кандидат Б.Қ.Тұрғановтың өтініші негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақай ауылдық округі әкіміне кандидат Б.Қ.Тұрғановтың сенім білдірілген адамдары болып Садуов Жазылбек Садыкович, Кунчигаров Казбек тіркелсін.
  2. Сенім білдірілген адамдарға тиісті куәлік берілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                     Д. Ержанов

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                     Г. Жубаидаев

 

Жосалы кенті

6 мамыр 2025 жыл

№АСК-25/213

Дата публикации
06 мая 2025