«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 6 мамырдағы №155 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттар Бектурганов Нурсултан Жумадилдаевич, Сәден Берік Әбдірахманұлы, Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
2. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Д. Ержанов
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
6 мамыр 2025 жыл
№АСК-25/210