2025 жылдың 1 маусымына тағайындалған Ақай ауылдық округі әкімін сайлауда кандидатты қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармақшасына, 113-4 бабына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдап қойылған рас қолдардың қажетті саны осы ауылдық округтегі сайлаушыларының жалпы санынан кемінде бір пайыз, яғни кемінде 37 (отыз жеті) қол санында белгіленсін.
  2. Өзін-өзі ұсынған кандидаттар әзірленген қол қою парақтарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

 

Қармақшы аудандық  сайлау

комиссиясының төрағасы                                           Д.Ержанов

 

Қармақшы аудандық  сайлау

комиссиясының хатшысы                                           Г.Жубаидаев

 

 

Жосалы кенті

6 мамыр 2025 жыл

№АСК-25/209

Дата публикации
06 мая 2025