2025 жылдың 23 сәуірі күні сағат 10:00 Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:
- «Қазақстан Республикасындаға сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 113-1 бабының 1 тармағына сәйкес, Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округі әкімінің сайлау күнін тағайындау туралы;
- Мерзімі аяқталған Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізудің күнтізбелік жоспары туралы.
- Қармақшы аудандық сайлау коммисиясы құрамының барлық мүшелері мен сарапшы мамандарды 2025 жылдың 23 сәуірі мен 2025 жылдың 1 маусымы аралығындағы мерзімде жұмысқа тарту, еңбек келісімшартын жасау туралы;
- Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің демалыс және мереке күндердегі кезекшілік кестесін бекіту туралы;
- Қармақшы ауданының Ақай ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізу кезіндегі полиграфиялық, типографиялық, автокөлік қызметтерін және кеңсе тауарларын сатып алуға кәсіпкерлерді таңдау туралы;
Өтетін орны: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі, №44
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2025 жылдың 23 сәуірі күні сағат 9.30 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады 8(72437) 2 12 37