Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №239 «2025-2027 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №239 «2025-2027 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

  1. «2025-2027 жылдарға арналған ІІІ Интернационал ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 185 404 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 34 110 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 500 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 150 794 мың теңге;

2) шығындар – 185 682 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;

         бюджеттік кредиттер - 0;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -278 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –        278 мың теңге;

         қарыздар түсімі – 0;

         қарыздарды өтеу - 0;

         бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 278 мың теңге;

көрсетілген шешімнің 1, 5-қосымшалары осы шешімнің                             1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
21 апреля 2025