2025 жылдың 13 сәуірінде өткен Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 13 сәуірдегі    №150 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Қоқанов Әбимүсілім Алпуанұлы Жаңажол ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2025 жылдың 13 сәуірінде өткен Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

 

 

 

       Қармақшы аудандық сайлау

       комиссиясының төрағасы                                                 Д. Ержанов

 

            Қармақшы аудандық   сайлау

            комиссиясының хатшысы                                                       Г. Жубаидаев

 

 

 

Жосалы кенті

13 сәуір 2025 жыл

№АСК-25/199

Дата публикации
13 апреля 2025