2024 жылдың ІІ жартыжылдығында Қармақшы ауданы бойынша аудан және кент, ауылдық округі әкімдерінің халықпен кездесу барысында айтылған халықтың ұсыныстар мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ (Өткізілген мерзімі: 2024 жыл 18-23 желтоқсан аралығы)

№

Айтылған ұсыныс/ескертпелер

 

Ұсыныс/ескертпелерді орындау жөніндегі іс шаралар және орындалу мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Ескертпе

 

Ақай ауылдық округі

1.      

«Ақай - Байқоңыр - Төретам» бағытында жүретін №3 маршруттың ара қашықтық жүру уақытын және негізсіз көтерілген жол ақысын бір қалыпқа келтіру

«Ақай - Байқоңыр - Төретам» бағытында жүретін №3 маршруттың ара қашықтық жүру уақытын және негізсіз көтерілген жол ақысын бір қалыпқа келтіру бағытында Байқоңыр қаласы әкімшілігімен келіссөздер жүргізілуде.

А.Әнуар

Э.Қазиева

Б.Жылтыров

 

Төретам кенті

2.      

Балаларға арналған ойын алаңы, демалыс орындары салынса

Төретам кентіндегі А.Байтұрсынұлы көшесіне балалар ойын алаңын және футбол алаңын орналастыруға аудандық бюджеттен 42,3 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

А.Әнуар

Ғ.Елеусінов

Ж.Ниматулла

 

3.      

Төретам кенті мен Ақай ауылын қосып отырған Бармина көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе

Төретам кенті мен Ақай ауылының айналма жолына (Бармина көшесі) жоба сметалық құжаттар әзірленген. Жобаның жалпы құны 1,2 млрд.теңге. 2025 жылы жөндеу жұмыстарына 528,4 млн. теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлініп, мердігер мекеме болып «Орда Автодор» ЖШС танылды. Келісім-шарт құны - 1,1 млрд. теңге. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың наурыз айының аяғында басталуы жоспарлануда.

 

 

А.Әнуар

Ғ.Елеусінов

Б.Жылтыров

 

Қармақшы ауылдық округі

4.      

Ауылдың ішіндегі көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілсе

Қармақшы ауылындағы Абай, Сәкен Сейфуллин, Жеңіс көшелерін орташа жөндеудің жобалық-сметалық құжатына түзету енгізу мен сараптамадан өткізу үшін 3,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Алдағы уақытта жоба қаржылық қолдау тапқан жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.   

А.Әнуар

А.Есқараев

Б.Жылтыров

Ж.Ниматулла

 

 

Т.Көмекбаев ауылдық округі

5.      

Ауылдық клуб үйіне жаңа ғимарат салынса

Бүгінгі күні Т.Көмекбаев ауылында клуб үйі мен спорт кешенінің біріккен ғимарат  құрылысы жобасына жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге Қызылорда облысы әкімінің жанындағы жобалардың тиімділігін анықтайтын кеңеске ұсынылып, 26.02.2025 жыл кеңестің хаттамасына сәйкес жоба әзірлеуге келісім берілді. Осыған байланысты алдағы уақытта,  жоба әзірлеуге тиісті жұмыстар атқарылатын болады.   

А.Әнуар

Ғ.Нысанбаев

Т.Насырадин

Ж.Ниматулла

 

 

Дауылкөл ауылдық округі

6.      

Ауыл сыртынан мал суаратын ұңғыма қазылып берілсе 

Дауылкөл ауылдық округі аумағынан осыған дейін 2023 жылы  мал суаты үшін қажетті  екі құдық орны («Күйеу асар» өңірі және «Үбіс каналы» өңірі) анықталып, белгіленді. Ұңғыма бұрғылау жұмысына ЖСҚ (жобалық-сметалық құжат) әзірлеу және  ПИР  (жобалау және іздестіру жұмыстары) дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізу  үшін  аудандық бюджет қаражаты есебінен 2024 жылы 4,6 млн. теңге  бөлінді.  

Ұңғыма қазу жұмыстарын жүргізу үшін «СырСтройПроектСервис» ЖШС-мен 2024 жылы ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) әзірленді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптама қортындысын алу жұмыстары жүргізілуде.

А.Әнуар

С.Зайыров

Ә.Омаров

Ж.Ниматулла

 

 

Жосалы кенті

7.      

Қосымша  балалар ойын алаңы салынса

Жосалы кентіндегі М.Құдабаев және Ынтымақ көшелерінен футбол және балалар ойын алаңдарын салуға аудандық бюджеттен 84,53 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

А.Әнуар

А.Досмұратов

Ж.Ниматулла

 

8.      

Көшелерде жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе

Жосалы кентіндегі 10 көшені (Тұрмағамбет Ізтілеуов, Келмембет батыр, Тоғанас батыр, Меңей батыр, Мәдірайым ишан, Қонысбек Қазантаев, Қабылан батыр тұйығы, Нұржігіт Нақыпов, Ідіріс Тұрмағамбетов, Қалқай ишан) жарықтандыруға жоба сметалық құжат әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. Жобаны құны - 348,3 млн.теңге. Алдағы уақытта жобаны қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 19 көшені (Сүлеймен Есқараев, Молдахмет жырау, Ізтілеу Мүсірбаев көшесінің Жалағаш трассасына шығатын жолы, Сейтжан ақын тұйығы, Алтын асар, Ерназар Сексенбаев, Сахи Кшенов, Аяған Боханов, Сырлытам, Балқы Базар, Иманәлі, Жосалы, Энгельс, Ғарыш, Ә.Жангелдин, Ынтымақ, Әлия Молдағұлова, Мұхтар Әуезов тұйығы, Наурыз) жарықтандыру үшін 4-ші деңгейлі бюджеттен бөлінген 16 млн.теңгеге 167 дана бағана мен қажетті тауарлар сатып алынып, демеушілікпен орнатылуда.   

А.Әнуар

А.Досмұратов

Ж.Ниматулла

 

9.      

Бауыржан Момышұлы көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе

Жосалы кентіндегі Б.Момышұлы көшесінің жер бедерін зерделей отырып, жер асты ыза суы әсер етіп тұрған бөліктерінің топырағын алып, жаңадан құрғақ топырақ төгіп,  қиыршық таспен нығыздап барып асфальт төсеп, жаяу жүргінші жолын және жаяу жүргінші жолына түнгі жарық орналастыру жұмыстарына демеушілікпен жоба сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Әзірленген жоба бойынша жыл көлемінде тиісті бюджеттен қаржысы мақұлданған жағдайда Жосалы кентіндегі Б.Момышұлы көшесі қайта жаңғыртудан өткізілетін болады.     

А.Әнуар

А.Досмұратов

Ж.Ниматулла

 

10.        

«Айгөлек» балабақшасына жаңа ғимарат салынса

Аудан орталығында орналасқан №5 «Айгөлек» балабақшасының құрылыс  жұмыстарын жүргізу үшін қазір таңда Жосалы кенті, Келмембет батыр көшесі бойынан желтоқсан айының басында 1 гектар жер белгіленіп, қазығы қағылды (жер учаскесінің сәйкестендіру құжаттарын алу жұмыстары жүргізілуде).

Мердігер мекеме (Ақмешіт-Мелиоратор) тарапынан жерін тегістеу жұмыстары жүргізілді.

Бөбекжай - бақшаның көне ғимаратын бұзу бойынша келісім берілді.

Бүгінгі күні жаңа балабақша ғимаратының құрылысына жоба - сметалық құжаттары әзірленуде.

Жоба сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстары басталатын болады.

А.Әнуар

Т.Насырадин

Г.Абдазиева (келісімі бойынша)

 

Дата публикации
15 марта 2025