«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12 тармағы, 4-тармақшасына және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 наурыздағы Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлауында Қоқанов Әбимүсілім Алпуанұлының кандидат ретінде тіркеу туралы қаулысына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қармақшы ауданының №105 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Құлғараев Мирас Амантайұлының міндеттерін орындауын 2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
- Қармақшы ауданының №105 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Төребекова Жұлдызай Жаңабайқызының міндеттерін орындауын 2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіне тоқтата тұрсын.
- Осы қаулы №105 учаскелік сайлау комиссиясына жолдансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде жариялансын.
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Д. Ержанов
Қармақшы аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Г. Жубаидаев
Жосалы кенті
20 ақпан 2025 жыл
№АСК-25/192