Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидат Күзембаев Спартак Қожантайұлын, Қалжанов Асылбек Амангелдіұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының                    2) - тармақшасына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 20 наурыздағы актілерін негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Қармақшы ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауында Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидаттар Күзембаев Спартак Қожантайұлы, Қалжанов Асылбек Амангелдіұлы сайлаушылардың жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидаттар Күзембаев Спартак Қожантайұлы, Қалжанов Асылбек Амангелдіұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 20 наурыздағы хаттамасына сәйкес кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық сайлау

  комиссиясының төрағасы                                       Д. Ержанов

 

Қармақшы аудандық сайлау

    комиссиясының хатшысы                                       Г. Жубаидаев

 

 

 

Жосалы кенті

20 наурыз 2025 жыл

№АСК-25/188

Дата публикации
20 марта 2025