Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2025 жылдың 18 наурызы күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданының Жаңажол ауылдық округі әкіміне барлығы 3 кандидат ұсынылды. Оның ішінде өзін өзі ұсыну жолымен 2 кандидат, «AMANAT» партиясынан 1 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылдың 23 наурызы күні сағат 18-00 де аяқталады.

         Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
18 марта 2025