2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 18 наурыздағы №142 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидат Қоқанов Әбимүсілім Алпуанұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

Д. Ержанов

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

Г. Жубаидаев

Жосалы кенті

18 наурыз 2025 жыл

№АСК-25/184

Дата публикации
18 марта 2025