Баспасөз хабары

2025 жылдың 18 наурыз күні сағат 18:00 Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының келесі мәселелер бойынша отырысы өткізіледі:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидат Күзембаев Спартак Қожантайұлының сенім білдірген адамын тіркеу туралы;
  2. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жаңажол ауылдық округі әкіміне кандидат Қалжанов Асылбек Амангелдіұлының сенім білдірген адамын тіркеу туралы;
  3. 2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалған Қармақшы ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлауында өзін өзі ұсынған әкім болуға кандидаттарды сайлаушылардың қолдау қолдарын жинау үшін қолдап дауыс беретін сайлаушылардың санын анықтау туралы;

Өтетін орны: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Ораз ахун көшесі, №44

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін аккредиттеу 2025 жылдың 18 наурыз күні сағат 17.30 дейін келесі телефон бойынша жүзеге асырылады  8(72437) 2 12 37.

Дата публикации
18 марта 2025