Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-25/176 қаулысымен Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі шекарасында Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау жөнінде аумақтық сайлау округі құрылды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-25/177 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Жаңажол ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылдың 13 сәуіріне тағайындалды.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы №АСК-25/177 қаулысымен бекітілген Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 6 наурыздан басталады және 2025 жылдың 18 наурызда сағат 18-00-де аяқталады.
Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2025 жылдың 6 наурызда басталады және 2025 жылдың 23 наурызда сағат 18-00-де аяқталады.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:
120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, 2 қабат, байланыс телефоны: 8(72437)2-12-37, электронды поштасы tic_kzl_kar@saylau.kz
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының құрамы:
Ержанов Дәурен Дауылбекұлы – комиссия төрағасы, Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы – төраға орынбасары, Жубаидаев Галымжан Амантаевич – комиссия хатшысы, комиссия мүшелері: Омаров Жарқын Тұрмаханұлы, Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы, Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы, Абдибекова Индира Жанайдаровна.
№105 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Жаңажол ауылдық округі, Дүр Оңғар ауылы, Қ.Бексебаев көшесi №43, «Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жаңажол ауылдық округінің клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Телефоны: 8 (72437) 2-55-74
№105 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Құлғараев Мирас Амантайұлы – төраға, Төребекова Жұлдызай Жаңабайқызы – төраға орынбасары, Қыстаубекова Шолпан Қуанышбекқызы – хатшы, комиссия мүшелері: Елемесов Нұрлыбек Сәндібекұлы, Арыстанбенкова Аймереке Арыстанбекқызы, Айгалиев Айдос Оралбекович, Ұзақова Әсел Сәкенқызы.
Аудандық, учаскелік сайлау комиссияларың жұмыс уақыты: 09.00-13.00, 13.00-15.00-түскі үзіліс, 15.00-19.00.
Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы