2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қармақшы ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының 2025 жылғы 5 наурыздағы

№АСК-25/177 қаулысымен бекітілген

 

2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалған Қармақшы ауданының Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

1. Жаңажол ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округін құру

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 5 наурыз

(14-б. 6) т., 21-б. 4-т.)

 

2. Жаңажол ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауларын тағайындау

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

2025 жылғы 5 наурыз                                                                  (113-1-б.1-т. 1) және 2) тт.)

 

3. Аумақтық сайлау округінің шекарасын және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсетіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

(22-б. 2-т.)

 

4. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2025 жылғы 15 наурыздан кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

5. Учаскелік сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау 

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025 жылғы 20 наурыздан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

6. Сайлау учаскесінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы ауданы әкімдігі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2025  жылғы 20 наурыздан кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

 

7. Әкім болуға кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады

2025 жылғы 6 наурызда басталады және 2025 жылғы 18 наурызда сағат 18.00-де аяқталады

(113-3-б.)

 

8. Әкімге болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

(4-б., 113-2-б.)

 

9. Әкімге болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Әкім болуға кандидаттың талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 

                                                                                                               (14-б. 8-1) т., 31-б.)

 

10. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

 

11. Кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерін тарта отырып

Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.,9-т.)

 

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі

 

Кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 2-т.)

 

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидат тіркелгенге дейін

(113-5-б. 3-т.)

 

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

(113-5-б. 3-т.)

 

15. Кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18:00 аяқталады

Тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және            2025 жылғы 23 наурызда сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б.)

 

16. Кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Қармақшы ауданы әкімдігі және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27-б. 2-т.)

 

19. Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы ауданы әкімдігі және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

20. Сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Қармақшы ауданы әімдігі

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын

2025 жылғы 24 наурыз

(24-б. 5-т.)

 

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда

2025 жылғы 29 наурыздан бастап

(26-б. 1-т.)

 

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2025  жылғы 3 сәуірге  дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссиясына жеткізу

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2025  жылғы 10 сәуірден ерте емес және 12 сәуірден кеш емес

(37-б. 3-т.)

 

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

 

 

 

 

25. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, сайлау күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау                                  

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Сағат 20:00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

28. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік сайлау комиссиясы

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  –дереу

(113-8-б. 1-т.)

29. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2025 жылғы 15 сәуірден кешіктірмей

(113-10-б.)

 

30. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

(44-б.)

 

31. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәлік беру

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

(45-б., 46-б. 3-т. 2) т., 113-11-б. 1-т)

     

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді

Дата публикации
05 марта 2025