Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8–1-тармағына сәйкес және 113–1-бабы 1–тармағының 1) тармақшасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 13 сәуірге тағайындалсын.
  2. Қармақшы ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы аудандық «Қармақшы таңы» газетіне жариялансын және Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне орналастырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      Д. Ержанов

    

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                     Г. Жубаидаев

                              

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

5 наурыз 2025 жыл

№АСК-25/177

 

Дата публикации
05 марта 2025