2025 жылдың 2 наурызында өткен Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

2025 жылдың 2 наурызында өткен Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес және Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлау қорытындыларын анықтау туралы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 2 наурыздағы №136 хаттамалық шешімі негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті деп танылсын.
  2. Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы Дауылкөл ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелсін.
  3. 2025 жылдың 2 наурызында өткен Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлаудың қорытындысы туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулының қосымшасына сай жариялансын.

  

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                Д. Ержанов

 

         Қармақшы аудандық сайлау

         комиссиясының хатшысы                                                Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

2 наурыз 2025 жыл

№АСК-25/174

 

 

 

Қармақшы  аудандық сайлау

комиссиясының 2025 жылғы 2 наурыздағы

№АСК-25/174 қаулысына қосымша

 

   

 

2025 жылдың 2 наурызында өткен Дауылкөл ауылдық округінің

әкімін сайлау қорытындысы туралы

ХАБАР

 

2025 жылдың 2 наурызында Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №109 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы Дауылкөл ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

Дауылкөл ауылдық округі әкіміне 3 кандидат тіркеліп, бюллетенге енгізілді. Дауылкөл ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 975 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 853 адам немесе 87,49 пайызы алды. Дауыс беруге 853 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 4 сайлаушы дауыс берді. 5 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы үшін дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санынан – 245 дауыс, Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы үшін – 553 дауыс, Сүлейменов Ринат Таңатарұлы үшін – 47 дауыс, барлығына қарсы – 3 дауыс берілді.  

Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы – Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 марта 2025