ЖОБА
«2025-2027 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №233 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 923 578 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 98 000 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 138 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 22 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 748 860 мың теңге;
2) шығындар – 933 110,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -9532,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 9532,4 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 9532,4 мың теңге.»
жаңа мазмұндағы 4-1, 4-2 тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. 2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,7 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.
4-2. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 1 092,6 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін»;
көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшаласына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |