ЖОБА
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы
26 желтоқсандағы №243 «2025-2027 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 126 056 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 15 715 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 110 341 мың теңге;
2) шығындар – 126 274,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -218,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 218,3 мың теңге;
қарыздар түсімі – 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 218,3 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2024 жылы аудандық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 0,3 мың теңгені аудандық бюджетке қайтару ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |