Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 08 қыркүйектегі № 77 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8448-11 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қармақшы ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.