ЖОБА
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 11 284 921 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 876 976 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 26 423 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 400 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 9 376 122 мың теңге;
2) шығындар – 11 816 594,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 122 990 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 320 458 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 197 468 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -654 663,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 654 663,3 мың теңге;
қарыздар түсімі – 320 458 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 197 468 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 531 673,3 мың теңге»;
жаңа мазмұндағы 10-1, 10-2, 10-3 тармақтармен толықтырылсын:
«10-1. 2024 жылы республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 4,7 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.
10-2. 2024 жылы облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 6 376,4 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін.
10-3. 2024 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен республикалық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) 8 137,8 мың теңге сомасында облыстық бюджетке қайтару ескерілсін».
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.