Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлын, Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлын, Сүлейменов Ринат Таңатарұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлын, Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлын, Сүлейменов Ринат Таңатарұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-4-бабына, 113-5-бабының 6-тармағының 2) - тармақшасына сәйкес және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің 2025 жылғы 6 ақпандағы актілерін негізге алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауында Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы, Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы, Сүлейменов Ринат Таңатарұлы сайлаушылардың жалпы санының 1 (бір) пайызының қолдауына ие болды деп танылсын.
  2. Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттар Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы, Зайыров Сабырхан Дүйсенбайұлы, Сүлейменов Ринат Таңатарұлын қолдап сайлаушылардың қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 7 ақпандағы хаттамасына сәйкес кандидатты тіркеу үшін негізге алынсын.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық  сайлау

  комиссиясының төрағасы                                       Д.Ержанов

 

Қармақшы аудандық  сайлау

    комиссиясының хатшысы                                       Г.Жубаидаев

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

7 ақпан 2025 жыл

№АСК-25/163

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 февраля 2025