Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Сүлейменов Ринат Таңатарұлының сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

 

Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Сүлейменов Ринат Таңатарұлының сенім білдірілген адамын тіркеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабына сәйкес және Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Р.Т.Сүлейменовтың өтініші негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Р.Т.Сүлейменовтың сенім білдірілген адамы болып Задаев Шерхан Ерланұлы тіркелсін.
  2. Сенім білдірілген адамға тиісті куәлік берілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

Д. Ержанов

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

 

 

Г. Жубаидаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жосалы кенті

5 ақпан 2025 жыл

№АСК-25/161

 

Дата публикации
05 февраля 2025