2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

 

 

 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлауда кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының

Конституциялық заңында көзделген талаптарға сәйкестігін анықтау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-2 және 113-4-бабтарына және Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы      №127 хаттамалық шешіміне сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидат Алмағанбетов Бақтияр Аманкелдіұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын.
  2. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидатты қолдайтын қолдарды жинау үшін қол қою парақтары қажетті мөлшерде берілсін.
  3. Осы қаулы Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы

 

Д. Ержанов

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы

 

 

Г. Жубаидаев

 

 

 

Жосалы кенті

5 ақпан 2025 жыл

№АСК-25/156

Дата публикации
05 февраля 2025