Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

Қармақшы ауданы Дауылкөл ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

 

2025 жылғы 4 ақпаны күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданы, Дауылкөл ауылдық округі әкіміне өзін өзі ұсыну жолымен барлығы 3 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 3 адамды құрады.

         Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2025 жылдың 9 ақпаны күні сағат 18-00 де аяқталады.

         Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
04 февраля 2025