2025 жылғы 02 наурызға тағайындалған Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау учаскесінің орналасқан орны мен шекарасы туралы хабар

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына және  «Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы» Қармақшы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025  жылғы 22 қаңтардағы №АСК-25/150 қаулысына сәйкес Қармақшы ауданы әкімінің аппараты сайлау учаскелерінің орналасқан орны және шекарасы туралы хабарлайды.

 

№109 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Дауылкөл ауылдық округi, Тұрмағамбет ауылы, Тұрмағамбет Iзтiлеуов көшесi, ғимарат 26, «Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қуандық Бүрлібаев атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Телефоны: 8(72437) 2-50-60.

 

Шекарасы:

Ешнияз сал Жөнелдікұлы көшесі №1-ден №69 үйлер;

Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесі №1-ден №62 үйлер;

Қара Қисық көшесі №2-ден №50 үйлер;

Есетбай батыр Айбасұлы көшесі №1-ден №50 үйлер;

Текей батыр Қарпықұлы көшесі №1-ден №51 үйлер;

Әнтай Құланбаев көшесі №1/1-ден №4/2 үйлер;

Жанаев Нұрмағамбет көшесі №2-ден №25 үйлер;

Бегімби Сарбасұлы көшесі №3-тен №45 үйлер;

Бәйменов Уатай Бұлақбайұлы көшесі-№1-ден №20 үйлер.

Дата публикации
27 января 2025