Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-25/149 қаулысымен Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі Дауылкөл ауылдық округі шекарасында құрылды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1-тармағына және 113-1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-25/150 қаулысымен өкілеттік мерзімі аяқталған Дауылкөл ауылдық округінің әкімін сайлау 2025 жылдың 2 наурызына тағайындалды.

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 22 қаңтардағы №АСК-25/150 қаулысымен бекітілген Дауылкөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылдың 23 қаңтарда басталады және 2025 жылдың 4 ақпанда сағат 18-00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін 2025 жылдың 23 қаңтарда басталады және 2025 жылдың 9 ақпанында сағат 18-00-де аяқталады.

Қармақшы  аудандық сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы:

120500, Жосалы кенті, Ораз Ахун көшесі №44, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты,     2 қабат, байланыс телефоны: 8(72437)2-12-37, электронды поштасы tic_kzl_kar@saylau.kz

Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы:

Ержанов Дәурен Дауылбекұлы – комиссия төрағасы, Байсынов Аққозбек Сәдуақасұлы – төраға орынбасары, Жубаидаев Галымжан Амантаевич – комиссия  хатшысы, комиссия мүшелері: Омаров Жарқын Тұрмаханұлы, Мырзабаев Нұрбол Төлендіұлы, Ұзақбаев Ғалымжан Әлімұлы, Абдибекова Индира Жанайдаровна.

№109 учаскелік сайлау комиссиясының орналасқан мекен-жайы: Дауылкөл ауылдық округі, Тұрмағамбет ауылы, Т.Iзтiлеуов көшесi №26, «Дауылкөл ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қуандық Бүрлібаев атындағы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны. Телефоны: 8(72437) 2-50-60

№109 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы: Балғожина Сайлаукүл – төраға, Задаева Айгүл – төраға орынбасары, Мұханбетқалиев Айдос Әнуарбекұлы – хатшы, комиссия мүшелері: Тасмаханова Аккенже Тасмахановна, Жәрмедетова Гүлсара Ботбайқызы, Тоғанасұлы Нұрлан, Алмаганбетов Дауржан Аманкосович.

Дата публикации
22 января 2025