Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округінің шекарасында Дауылкөл ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округі құрылсын.

  2. Қармақшы ауданының Дауылкөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі сайлау округінің шекарасы мен Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері, құрамы туралы хабар Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөліміне және жергілікті бұқаралық ақпарат құралына жариялансын.

Дата публикации
22 января 2025